Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ықтимал жағдай тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 16 мамыр күні Шымкент қаласында бір науқас осындай күдікпен ауруханаға жатқызылған. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны «асқазан-ішек жолдарынан қан кету, өткір ауыр ағымы» диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Осы күні науқас Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қаупі диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы […]