Патрульдік полиция қызметкерлері өткен сенбіде қала аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте бір тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 138 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Яғни, қауіпсіздік белдігін […]