Қазір осы минуттарда Шымкентте жүректі ауыстыру операциясы жасалынып жатыр. Жол апатынан қайтыс болған шымкенттік 18 жастағы жас жігіттің жүрегі реципиентке салынады. Бейнежазбада дәрігерлер жүректі трансплантациялау үшін арнайы қорапқа салып, алып келе жатқанын көруге болады. Белгілі болғандай, трансплантациялық операцияны Шымкент қалалық жүрек орталығының дәрігері Дархан Сүйгенбаев, оператор көмекшісі Жасарал Балымов және анестезиолог Бекжан Перменов жасауда. Автор: […]