Шымкентте дәрігерлер жасөспірімнің бауырынан 9 см эхинакокк құртын алып шықты. 14 жастағы қыз баласы осы жылдың 21-тамыз күні ауыр халде Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түскен. Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған. “Науқастың түскен кездегі шағымы бас ауруы, дене қызуы, тәбеттің болмауына шағымданған. Диагноз […]