Шымкентте мереке күндері 162 әкімшілік хаттама толтырылып, 58 ЖКО тіркелді. Ал, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 612 полиция қызметкері жұмылдырылды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дегенмен, ұрлық фактісі тіркелген. Қаладағы дүкендердің бірінде сатушының сөреде қалған телефонын екі ер адам ұрлап кеткен. Видеодан көріп тұрғанымыздай, азаматтар ұялы телефон қарап жүргендей кейіп танытып, бірі […]