Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні қаладағы №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында болған. Сабақ барысында 8-сынып оқушысы есінен танып қалған. Мектеп медбикесі спортзалға тез жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Білім басқармасының […]