Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ол Шымкент қаласының аумағындағы ірі сауда үйінен бірнеше рет киім ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған азаматша сауда орнындағы киім-кешек сататын дүкендерді аралап жүріп, сату залынан 97 дана футболканы алып, олардың әрқайсысының арнайы алармаларын (магниттерін) жұлып […]