Шымкентте Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан көпірдің ұзындығы 18 м, ал ені 5 м. Қала басшысы Мұрат Әйтенов Базарқақпа ауылындағы құрылыс жұмысымен танысты. Бұл көпір Еңбекші ауданындағы №12 қалалық аурухана мен Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана арасын байланыстырады. Жаңа нысан жол кептелісін мен жүктемесін азайтуға […]