Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан азамат анықталып, ұсталды. Шымкент ҚПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, оның экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан деструктивті діни ағымын ұстанатыны белгілі болды. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, […]