Шымкентте алғаш рет «Құқықтық сауаттылық, өмірлік маңызды дағдылар және спорттық сайыстар» пилоттық жобасы ұйымдастырылды. Шара мақсаты шалғай елді-мекендердегі жастарды дене шынықтыру және спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекет басшысының бұқаралаық спортты дамыту туралы берген тапсырмасына сай өткізілді. 1 тамызда басталған жоба аясында арнайы тренингтер ұйымдастырылған. Ал бағдарлама соңы оқушылар арасында спорттық сайыспен түйінделді. […]