2 сәуір күндізгі сағат 12:00 шамасында Шевченко көшесінде атыс болды. Жас жігітті белгісіз біреулер травматикалық қарумен атып кеткен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушінің көршілері бұл үйде үнемі шу болатынын айтты. Істің мән-жайы анықталуда. Ақпарат толықтырылады.