Шымкентте тың тәсілмен ми қан тамырларына ота жасалды. Осылайша 38 жастағы ер азамат инсульттан аман қалды. Ота құны 6 млн. 200 мың теңгені құрайды. Алайда бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін өтті. Күрделі хирургиялық ем шарасын №2 қалалық аурухананың білікті нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасады. Науқасты көптен бері бас ауруы, құрысу мазалап келген. […]