«Қазгидромет« РМК Түркістан облысы бойынша филиалы синоптиктерінің болжамы бойынша, ертең, 17 қыркүйекте Шымкентте, күннің екінші жартысында жаңбыр болуы ықтимал. Солтүстік—шығыстан тұрған желдің екпіні 8-13 м/с, кейбір жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы күндіз +25…+27, түнде +13…+15 градус жылы. 18-20 қыркүйек аралығында мегаполисте жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +28,+30 градус, ал түнде сынап бағанасы +13+15 градус жылылықты көрсетеді.