Шымкентте есірткіні инемен қабылдайтындар саны жылдан жылға азайып келеді. 2021-2022 жылдармен салыстырғанда статистика 1000 адамға қысқарыпты. Бірақ бұл есірткі тұтынатындардың жалпы саны азайғанын білдірмейді екен. Мұны «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес орталығының» мамандары айтты. Максим 10 жылдан бері инемен есірткі қабылдап келген. Содан денсаулығы нашарлап, туған-туыс, достарынан да жырақтаған. Ол есірткіні әуел баста дертіне […]