Шымкент қалалық полиция басқармасының экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады. Ер адамды көрші елдің тәртіп сақшылары кеден заңнамасын бұзып, пара алғаны үшін халықаралық іздеу жариялаған. Ол 11 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда отыр. Оны экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.