Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығында қарбалас туындады. Тұрғындар қызмет алу үшін 2-3 күш кезек күтуге мәжбүрміз дейді. Өйткені, адам саны әдеттегіден көп. Әсіресе шетелден жұмыс іздеп келген мигранттар басым. Ал әлеуметтік желіде жақында база жұмыс істемейді деген ақпарат тараған. Бұл қаншалықты рас? Қарбалас қашанға дейін жалғасады? Бұл Абай ауданына қарасты халыққа қызмет көрсету орталығындағы көрініс. […]