Шымкентте өткен жылы интернет сапасы төмен 14 елдімекенге базалық станция орнатылған болса, биыл 12 елдімекенге қойылып, мобильді интернет желісімен қамту үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Ал 2023 жылы 11 елдімекен, 2024 жылы 10 аумақ қамтылып, көрсеткіш 100 пайызға жетпек. Бұл туралы бүгін қала әкіміне 1-жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген цифрландыру басқармасының басшысы баяндады. […]