Шымкентте жаңа 3 канал салынады деп көзделген. Атап айтқанда, қазір «Ақсай-Қарабастау», «Қызыл-су», «Янгибай» каналдарының да жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Ал қалада жалпы көлемі 34 канал бар. Оның 27-і ауыл шаруашылығы мақсатында, 7-еуі ирригациялық мақсатта пайдаланылады. Өткен жылы жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 канал тазаланды. Ал «Сайрам су оң жағалау», «Көк», «Чумчак», «Сай ниже водопада», «Шымкент», […]