Үшінші мегаполистегі «Қиял әлемі» техносаябағында тағамдар жәрмеңкесі өтті. Мерекелік іс-шарада қаладағы 10 мейрамхана халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Саябақта 150 орындық 15 үстел қойылған. Мейрамхана тағамдары ақылы және қолжетімді. Сондай-ақ, келушілер жәрмеңкеде арнайы дайындалған көрмені тамашалай алады. Сонымен қатар саябақта шымкенттік қолөнершілердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде ағаш, тоқыма шеберлері және заманауи қолөнершілер өз бұйымдарын халыққа ұсынады. […]