Шымкентте Нұрсәт шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. 21 желтоқсанда Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінің «102» арнасына жаңа туған нәрестенің өлі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер баланың анасын іздеп жатыр.