Полицияға жанар-жағармай бекетінің кассасынан аса ірі мөлшерде ақша жымқырылғаны туралы арыз түсті. Кәсіпкердің айтуынша, кассирші жігіт тәуліктік кезекшілікке түскенде төлем қабылдайтын банк құрылғысының болмауына байланысты, тұтынушыларға өзінің жеке есепшотын айтып, ақшаны сонда аудартып отырған. Осылайша, ол жанар-жағармай сатудан түскен қаражатты кассаға толық өткізбей, жәбірленушіге 12 350 000 теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР […]