Шымкентте мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалдануы мен сатылуына қарсы күрес тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында қаладағы жанар-жағармайдың бағасы талқыланды. Ал, жергілікті кәсіпкерлер жиында дизель отынына қол жеткізе алмай отырғанын айтып шағымданды. Елімізде жанар-жағар майдың бағасын тұрақтандыру үшін шектік баға енгізілген. Алайда Шымкенттік жанармай құю бекеттерінің иелері «баға тұрақталғанмен, дизель отыны жеткіліксіз» екенін айтады. Сондай-ақ, көтерме […]