Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмып, екі адам зардап шекті. «Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, оқиға 22 наурызда сағат 19:30-дар шамасында Тұран-1 шағын ауданында (Қайтпасқа қарай бұрылыста) болған. Алдын ала мәлімет бойынша BMW тігіндеген 39 жастағы жүргізуші Lexus көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан қатты соққы BMW көлігінің алдыңғы жолаушылар орындығы орналасқан жағына тиген. […]