Ерлі-зайыптылардың отбасындағы жанжалының соңы нағыз қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. 30 жастағы екі баланың анасы күйеуімен жанжалдасып, Д. Қонаев пен Мәделі Қожа көшелерінің қиылысында орналасқан алып құбырға шығып, биіктен құлап, өз өмірін қимақ болған. Жедел бақылау орталығының инспекторы бұл жағдайды дер кезінде камера арқылы көріп қалған. Патрульдік полицияның экипажы оқиға орнына санаулы минуттарда дер кезінде […]