Шымкентте жас жігіт ойын клубының операторына шабуыл жасап, кассадағы қомақты қаржыны жымқырып кеткен. ІІМ Телеграм арнасының жазуынша, жас жігіт бұған дейін 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған. Содан мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан ол сейфтегі 4 миллион теңгені алып, ізін суытқан. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған. Жедел уәкілдер […]