Шымкентте 1994 жылы дүниеге келген әйел өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді. Қанды оқиға Әл-Фараби ауданында болған. 29 жастағы әйел ер адамды өлтіріп қойғаны туралы полицияға бір күн өткен соң өзі хабарлаған. Тергеу-жедел тобы анықтағандай, Айбергенов көшесіндегі пәтерде бірге тұратын ер адам мен әйелдің арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Ұрыс кезінде әйел еркектің кеудесіне ас […]