Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. «Жастарға жұмыс» тақырыбымен ұйымдастырылған шараға 50 -ден астам мекеме қатысты. Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты еңбек мобильді орталықтың мәліметі бойынша жылдың басынан 34 жәрмеңке өтіп, онда өтініш берген 2 мыңға жуық жерлесіміздің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасқан. Сымбат Қайырбек биыл жоғары оқу орнын тәмамдады. «Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі таңдаған […]