Шымкентте жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы екі жылда 22 пайызға азайған. Дәрігерлер мұны жүректің ишемиялық және өткір коронарлық синдром ауруларында науқастарға дер кезінде сапалы медициналық көмектің көрсетілуімен байланыстырады. Мәселен, Шымкент Жүрек орталығы ангиографиялық бөлімшесінің меңгерушісі Исабек Керімқұловтың жетекшілігімен жылына 5000-нан астам адамға жүрек ауруларында коронаграфия жасау отасы жасалады. Яғни, бұл қан тамырларының бүтіндігін зерттеу […]