Шымкентте 2023 жыл басталғалы бері 2758 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңға қайшы әрекет еткен азаматтар «Сергек Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен анықталып, жауапқа тартылды. Мәселен, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 45, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 21 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Әрі қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 7, бағдаршамның тыйым салынған түсіне […]