Қысты жылу маусымына дайындық жұмысы қоғамдық кеңесте талқыланды. Мамандар сөзінше, гидравликалық сығымдау жұмысы аяқталып қалды. Дегенмен қоғам белсенділері атқарылған жұмыстарда шикілік бар деп санайды. Шымкентте жылу жүйелерін тексеру кезінде 136 ақау анықталған. Мамандар қазір оның басым бөлігі жөнделгенін айтады. Ал толық дайындық жұмысы келесі айға дейін бітеді деп жоспарланған. Бұл туралы жауаптылар қоғамдық кеңесте мәлімдеді. […]