Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиналыс өтті. Жиында үшінші мегаполистің қыс маусымына қаншалықты дайын екендігі пысықталды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, бүгінде қаладағы 18 жылу қазандығы түгел дайын және көмір қоры жеткілікті. Сонымен қатар басқарма басшысы Боранбай Болатбеков өз баяндамасында инфрақұрылымдық жүйелер дайындығы, оның ішінде Игілік, Жиделі, Сайрам […]