Кәріс ұлтының Қазақстанға жер аударылғанына 85 жыл толды. Осыған орай Шымкентте «Кәріс этносының мәдениет күні» өтті. Онда жәрмеңке ұйымдастырылып, ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Шара соңы Корей этномәдени бірлестігі ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Шымкенттік «Моранбон» ансамблінің мүшесі Елена Кимнің әкесін 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қарағандыға депортацияланған. Ол кезде ата-анасы небәрі 27 жаста болған екен. Елена әжей […]