Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына (1424) кәсіпкерден Өзбекстаннан жүкті кедендік ресімдеу кезіндегі әуре-сарсаңға қатысты өтініші келіп түсті. Кеден органдары 4 күн бойы электрондық кедендік декларацияны келісу бойынша шешім қабылдамаған, ал заң бойынша мұндай шешімді қабылдау мерзімі 8 сағатты құрайды. Шымкент қаласы бойынша Антикор қызметкерлері кеден бекетіне барып, түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша кәсіпкерге кедендік ресімдеуді келісті. […]