Шымкентте күн жылынғалы кене шаққандар саны артқан. Медициналық көмекке жүгінген мұндай науқастардың қатары былтырғы кезеңмен салыстырғанда 26 жағдайға көп. Қазір қалада кенеге қарсы заласыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Былтыр дәрігер қарауына улы жәндік шаққан 56 адам келген болса, биыл олардың саны 82-ге жеткен. Дегенмен мамандар кенеден кесел жұқтырғандар жоқ деп отыр. «Биыл былтырмен салыстырғанда 26 жағдайға көбейген. […]