Шымкентте “Кестелі кимешек” байқауы өтті. Форумға еліміздің бірнеше өңірінен 40 шебер қатысты. Олар кимешектің бірнеше түрін өздері тігіп келіп, оны шара барысында таныстырды. Жоба ұйымдастырушысы бұл ата-бабадан мұра болып жеткен ұлттық баскиімді дәріптеу мақсатында қолға алынғанын айтады. “Біздің мақсатымыз – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл бірінші тур. Бірінші турда әділ-қазылар бақылау жүргізеді. Үздіктерін анықтайды. Сонсоң бағалы […]