Шымкентте көлігіне жалған нөмір тағып алған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Тәуке хан-Дулати көшелерінің қиылысында «Audi S-4» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны өзінің басқаруындағы көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққаны анықталған. Бұл туралы хабарламаны тәртіп сақшыларына «Қорғау-қауіпті жүргізуші» қосымшасы берген. Полицейлер заң бұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы […]