Шымкентте “Хадиша” көпсалалы клиникасы ашылды. Заманауи стандарттарға сай жабдықталған орталық шұғыл және жоспарлы түрдегі медициналық қызметтерді ұсынады. Мекеме мамандары денсаулық сақтау саласында сенімді серіктес болуға және емдеу процесінің әр кезеңінде пациенттерге қолдау көрсетуге дайынбыз дейді. Жаңадан ашылған клиниканың алғашқы пациенттерінің бірі — Ақжан Қалмұхамед. 27 жастағы жігітке «Хадиша» көпсалалы емханасында сіңірді қайта қалпына келтіру отасы […]