Шымкент полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында мегаполис көшелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік кортежі түсірілген видеоны анықтады. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кортежге қатысушылардың барлығын, атап айтқанда 17 шетелдік автокөлік иелерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, «Toyota Camry» автокөлігінің 3 жүргізушісіне, « Land Cruiser 200» автокөлігінің 5 тізгіндеушісіне, Lexus-тің екі және «Kia» көлігінің […]