Шымкент прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады. Қалалық прокуратураның мәліметінше, көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталған. Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабы 2-1-бөлігінің (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) негізінде СДТБТ-ге тіркелді. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды. Сотта […]