Шымкентте Өзбекстан азаматын ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды. Олардың екеуі ағайынды бауырлар. Күдіктілер шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан. ІІМ мәліметінше, 14 қазанда Алматы полициясына Ақтөбе қаласының тұрғыны хабарласқан. Келіншектің айтуынша, Өзбекстан азаматы болып табылатын ағасы еңбек құлдығынан қашып құтылып, өзінің жанына Алматыға келген. Бұған дейін оны (ағасын: авт) Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары физикалық күш көрсетумен […]