Жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын ояту қажет дейміз. Алайда, елімізде бұл салада елеулі қызмет ететін кітапханашыларды даярлау жағы ақсап тұр. Мәселен, Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университеттегі кітапхана ісі мамандығы мүлдем басқа кафедраға қосылып кеткен екен. Мұндағы басты себеп, бұл мамандықты игеруге ынталы студенттердің аздығы. Елімізде кітапханашы мамандығына бөлінетін грантты көбейту керек. Мегаполистегі сала мамандары […]