Шымкентте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – нің филиал басшысы ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған лауазымды тұлғаға және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Олардың поезды қабылдаушы, кассир, вагонды тексеруші-жөндеуші және тағы да басқа лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны әшкереленген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. […]