Соңғы жылдары шаһарда жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда, қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Аталған кешендерден жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және тағы басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа саудаланып жатыр. Кәсіпкерлердің бұл салаға қызығуына тағы бір себеп – […]