Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері өз-өзіне қол жұмсау және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу, сондай-ақ құмар ойындарға әуестенген әскери қызметшілерді анықтауға арналған семинар-тренингке қатысты. Шақырылған сарапшылар ерекше назар аударуды қажет ететін негізгі аспектілер және жағдайлармен бөлісіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар Шымкент гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Ғалымжан Маханбетовтың бастауымен ұйымдастырылды. Оның жетекшілігімен әскери бөлімдердің, […]