Шымкентте күн сайын 11 мыңнан астам бала спортпен айналысады. Бұл туралы қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева мәлім етті. Қаланың бас ұстазының айтуынша, білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 7 жоба жүзеге асырылуда. Тәрбие бағытындағы «Ұрпаққа аманат», «Ұлттық мектеп лигасы», «Төрт тоқсан – төрт өнер», «Тоғыз […]