Шымкентте кадастрлық құны 1 млрд. теңгеден асатын 116 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жауапты басқарма 17 жер қойнауын пайдаланушы компанияның келісімшарт талаптарын орындамағанын айтты. Олар салық төлемей, қиыршық тас, құм және саз өндіруді белгіленген мөлшерден асырып жіберген. Ал кейбір компаниялар жер қойнауын заңсыз пайдаланған. Бүгінде барлық кінәлілер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау органы 7 компаниямен […]