Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының […]