Шымкенттік тұрғын көліктердің мемлекеттік нөмірлерін қолдан жасауды кәсіпке айналдырған. Заңсыз цехты түркістандық полицейлер анықтаған. Тінту кезінде 103 нөмірлік белгі, 100-ден астам голограммалық жапсырмалар және нөмір жасауға арналған арнайы станок табылды. https://youtu.be/QZz3BNQE6Uc?si=ot8pQ9eCdjTeacT8 Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданған. […]