Шымкентте газ құбырын жүргізген мердігер компания тұтынушылардан негізсіз ақша жинаған. Тұран шағынауданының тұрғындары газ құбырларын ауыстыру кезінде олардың тым төмен орналасқандығына шағымданған. Салдарынан үйлердің қақпасы ашылмай, көлік қозғалысы қиындай бастаған. Мұндай шағым 1158 тұтынушыдан түскен. Ал мердігер компания тұрғындарға құбырларды жобаға сәйкестендіріп, жоғары орнатып беру үшін әр азаматтан 20 мың теңге сұраған. Бұл қаржыны төлегендер […]