Шымкентте мешіт ұстазы діни сауат ашуға келген балаларды соққының астына қалған. Дін маманының мұндай қадамына балалардың құран сүрелерін жаттамауы себеп болыпты. Көк ала қойдай таяқ жеп, денесінің сау-тамтығы қалмаған оқушылардың видеосын белгілі рэпер Жан Ахмадиев желі парақшасында жариялады. «Шымкент қаласындағы медресенің молдасы «хадис» жаттамаған жасөспірімдерді осылай сабап-ұрады екен. Молданың жасағаны дұрыс па?» деп жазды автор. […]